Мали президенті төңкерістен кейін биліктен кетті

Ол елде қантөгіс қаламайтынын айтты


19/08/2020
10:57 47518 0

Фото дереккөзі: ren.tv

 

Мали президенті Ибрагим Бубакар әскердің көтерілісінен кейін парламентті тарқатып, биліктен кетті. Бұны BBC Орыс қызметі хабарлады. 

 

Президент шешімін теледидар арқылы жариялады. Онда ол қантөгіс қаламайтынын айтты.

 

— Егер қарулы күштердегі кейбір топ мұны басып алумен бітіргісі келсе, менің басқа амалым бар ма? — деді ол. 

 

18 тамыздың кешінде әскерилер көтеріліс жасап, Мали астанасы Бамбакодағы президент резиденциясын басып алды. Кейін президент пен премьер-министр Бубу Сиссены тұтқындады. Оппозиция мұны бүлік емес, халық көтерілісі дейді. 

 

Көтеріліске не себеп болғаны белгісіз. Жергілікті БАҚ оған жалақыға қатысты дау түрткі болуы мүмкін дейді. Қазір төңкерісті Африканың бірнеше елі мен Франция сынады. БҰҰ тұтқындарды босатуға үндеді. 

 

Мали — Африканың батысында орналасқан мемлекет. Онда 2012 жылы да әскерилер көтерілген еді. Олар биліктің джихадистермен күресіне наразы болды. Қазір оны оппозиция жемқор, басқаруға қауқарсыз деп айыптайды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/08/2020 10:57
47518 0

Уведомление